Меню

Страницы

Статья

Қаражатыңызды қайтарып алуға асығыңыз!

Егер сіз Біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) тұрғын үй сатып алуға немесе емделуге пайдаланған болсаңыз және сол сомаға ЖТС (жеке табыс салығы) ұсталса – сіз үшін маңызды жаңалық бар!

Егер сіз әлеуметтік осал санатқа жататын болсаңыз, ұсталған ЖТС қайтаруға құқығыңыз бар.

Ең бастысы – өтініш беру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды!

(бұрын 3 жыл болатын – көп адам үлгермей қалған)

Кімдер салықты қайтара алады?

Егер сіз төмендегі санаттардың біріне кірсеңіз:

  • 1, 2 немесе 3 топтағы мүгедектігі бар адам
  • Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ана, қорғаншы немесе қамқоршы
  • Асырап алушы

– Соғыс ардагері (толық тізбесі Салық кодексінің 346-бабында көрсетілген)

 Салықты қалай қайтаруға болады?

  • Жақын жердегі БЖЗҚ филиалына барыңыз;
  • Өтініш толтырыңыз;
  • Құжаттарыңызды өткізіңіз;
  • Егер салық бұрын ұсталған болса, ЖТС жеке зейнетақы шотыңызға қайтарылады.

 Ал егер салық кейінге қалдырылған болса, оны төлеудің қажеті болмайды.

Мерзімі – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді.

📲 Толығырақ – enpf.kz сайтында.

Дата публикации
11 августа 2025
Дата обновления
11 августа 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы