Меню

Страницы

Статья

​​Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында БЖЗҚ 9 миллионнан аса АҚШ долларын аударды

2025 жылдың 1 сәуіріне дейін «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында «БЖЗҚ» АҚ 83 937 өтінішті орындап, жалпы сомасы 9,30 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны уәкілетті операторлар арқылы өтініш берушілердің банктік шоттарына аударды.

📌 Қаражат қайда бағытталды?

🏠 Тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 5,37 миллион доллар (48 626 өтініш):

▪️ 5,24 миллион доллар – тұрғын үй құрылыс жинақтарын толықтыруға (47 358 өтініш).

▪️ 42,48 мың доллар – ипотекалық несиенің бастапқы жарнасы ретінде (398 өтініш).

▪️ 35,71 мың доллар – азаматтық-құқықтық мәмілелермен тұрғын үй сатып алуға (345 өтініш).

🎓 Білім алу үшін – 3,93 миллион доллар (35 311 өтініш):

▪️ 3,42 миллион доллар – Қазақстандағы оқу ақысын төлеуге (30 521 өтініш).

▪️ 383,6 мың доллар – білім беру жинақ шотын толықтыруға (3 616 өтініш).

▪️ 106,04 мың доллар – шетелде оқу ақысын төлеуге (1 015 өтініш).

💡 Еске сала кетейік, биыл еліміздің барлық балаларына Ұлттық қордан екінші рет қаражат есептелді. Жиналған қаражатты толық немесе ішінара пайдалануға болады, ал пайдаланылмаған сома мақсатты жинақ шотында (МЖШ) қалады.

📲 Кәмілет жасына толған балалар  өздерінің МЖШ шотын БЖЗҚ сайтында жеке кабинетке немесе eGov ұялы қосымшасына кіріп, тексере алады, содан кейін операторға онлайн өтініш бере алады.

📌 Бағдарлама туралы толық ақпарат kids.enpf.kz сайтында. 
📺 Видео нұсқаулықты БЖЗҚ YouTube арнасынан көре аласыз

Дата публикации
14 апреля 2025
Дата обновления
15 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы