2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы іске қосылған 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "БЖЗҚ" АҚ 8 млн аса АҚШ долларына 75 329 өтініш орындады .
✔ Тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін – 4,65 млн АҚШ долларынан астам сомаға 43 781 өтініш орындалды.
✔ Білім алу ақысын төлеу үшін – 3,35 млн АҚШ долларына жуық сомаға 31 548 өтініш орындалды.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша:
• Тұрғын үй құрылыс жинақтарындағы салымды толықтыру – 4,53 млн АҚШ долларынан астам сомаға 42 622 өтініш
• Ипотекалық тұрғын үй қарызының бастапқы жарнасын төлеу – 37,44 мың АҚШ долларынан астам сомаға 362 өтініш
• Азаматтық-құқықтық мәмілелер арқылы меншікке тұрғын үй сатып алу – 32,81 мың АҚШ долларынан астам сомаға 325 өтініш
Білім алу ақысын төлеу бойынша негізгі бағыттар:
• Қазақстандағы оқу орындарында білім алу ақысын төлеу (оқу кезеңімен немесе толық оқу мерзіміне) – 2,88 млн АҚШ долларынан астам сомаға 27 020 өтініш
• Білім беру жинақтау салымын толықтыру – 354,24 мың АҚШ долларынан астам сомаға 3 421 өтініш
• Шетелдік оқу орындарында оқу ақысын төлеу – 99,78 мың АҚШ долларынан астам сомаға 971 өтініш
🔹 “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жыл сайын 2006 жылы және одан кейін туған, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балалар арасында бөлінеді.
✅2023 жылы әрбір алушыға 100,52 АҚШ доллары,
2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары есептелді.
2006 жылы туған балаларды қоспағанда, 2023 жылы алғаш рет қаражат бөлінген балаларға 2024 жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді.
Нәтижесінде, 2006 жылы туған баланың жинағы 100,52 АҚШ долларын, ал 2007 жылы туған баланың жинағы 232,94 АҚШ долларын құрады.
Төлемді қалай алуға болады?
Кәмелетке толған азаматтар “БЖЗҚ” АҚ немесе электрондық үкіметтің интернет-ресурстары арқылы өздерінің жинақ сомасы туралы ақпаратты ала алады. Төлемді алу үшін уәкілетті операторға АҚШ долларында банктік шот ашып, тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алу ақысын төлеу мақсатында онлайн-өтініш беру қажет. kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында