Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ өз салымшылары үшін жаңа цифрлық қызметін енгізді

      «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларының ыңғайлылығы үшін цифрлық сервистерді дамытуын жалғастыруда. 💻
📅 Жыл басынан бері әрбір салымшы мен алушының жинақтау тарихындағы негізгі оқиғалар туралы ақпарат беретін Push-хабарламалардың жаңа қызметі сәтті іске асырылды. 🔔
🔹 Қазіргі уақытта, бұрын енгізілген зейнетақы жарналарының түскені туралы хабарламалардан бөлек, жүйе мынадай маңызды оқиғалар бойынша ақпарат береді:
🏦 Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қосылу (жеке зейнетақы шотының ашылуы)
🟢 18 жасқа толу
🟢 Зейнет жасына жету және міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығының туындауы
💰 Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы төлемін алу құқығының туындауы
🏭 Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемін алу құқығының туындауы
📊 Жинақтардың жеке жоспарын бақылау
🎉 Туған күнмен құттықтау

📩 Push-хабарламалар – бұл БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасы және enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы жіберілетін қысқаша мәліметтер.

🔹 Ұсынылған сервистерді БЖЗҚ мамандары салымшылардың қалауы мен ең көп сұранысқа ие зейнетақы қызметтерін зерделеу негізінде әзірледі.
📊 Қордың меншікті сараптау жүйесі (ACRM) арқылы ауқымды көлемдегі деректерді талдау және өңдеу, алушыларды іріктеу, Push-хабарламаларды қалыптастырып, жіберу жүзеге асырылады.
📌 Жыл басынан бері 223 мыңға жуық салымшы маңызды оқиғалар туралы хабарлама алды!
🔔 Push-хабарламаларды алу үшін:
✅ БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасына кіріңіз немесе
✅ enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте «Push-хабарламалар» бөлімі арқылы жазылыңыз!

Дата публикации
11 марта 2025
Дата обновления
11 марта 2025
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы