Меню

Страницы

Статья

Зиянды еңбек жағдайында қызмет ететін жұмысшыларға арналған зейнетақы төлемдері

Егер сіз 55 жасқа толсаңыз, онда сіз міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ала аласыз. Ол үшін сіздің жұмыс берушіңіз зиянды еңбек жағдайындағы қызметіңіз үшін 84 айдан астам уақыт бойы МКЗЖ аударған болуы тиіс.

55 жастан бастап төлемдерді алу үшін, зиянды еңбек жағдайындағы қызметті тоқтату, немесе зиянды факторлардың әсері болмайтын басқа жұмысқа ауысу қажет.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жұмыс берушіге еңбек келісімшартын тоқтату немесе басқа жұмысқа ауысу туралы өтініш беру жеткілікті. 📝 

2024 жылдың 1 қаңтарына дейін зиянды еңбек жағдайында жұмыс істемегендер, бірақ 55 жастан асқан және 84 айдан астам уақыт бойы төленген МКЗЖ бар азаматтар ХҚКО-ға жүгіне алады.  

Дата публикации
13 декабря 2024
Дата обновления
13 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы