Меню

Страницы

Статья

Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз туралы ақпаратты кім ала алады?

Төменде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сіздің зейнетақы жинақтарыңыз туралы ақпарат сіздің келісіміңізсіз ешкімге берілмейді.

ҚР Әлеуметтік Кодексінің 55-бабына сәйкес, сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыз туралы ақпаратты төменде аталғандар ала алады:
🔹Сіз өзіңіз — салымшы немесе зейнетақы төлемдерін алушы ретінде.
🔹Сенім білдірілген тұлға —сенім білдірілген адамдарыңыз сіздің жинақтарыңыз туралы ақпаратты нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде ала алады.
🔹Мемлекеттік органдар — мысалы, сотқа дейінгі тергеу органдары, соттар немесе прокурорлар, бірақ тек өз өкілеттіктері шеңберінде және қылмыстық істер немесе тергеулер жағдайында.
🔹Қаржылық бақылау және аудит органдары — зейнетақы қорының қызметін тексеру үшін немесе салымшының/алушының сұрауы бойынша.
🔹Мұрагерлер — салымшы/алушы қайтыс болған жағдайда, мұрагерлікке құқық туралы куәліктің негізінде ақпарат ала алады.
🔹Нотариустар мен шетелдік консулдық мекемелер — олардың іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша сұрау салу арқылы ақпарат ала алады.

Дата публикации
05 декабря 2024
Дата обновления
05 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы