Меню

Страницы

Статья

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ УАҚЫТЫЛЫ РЕСІМДЕУ

Егер сізде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарыңыз бар болса, зейнетақы төлемдерін кесте бойынша алу туралы келесіні білуіңіз керек: 

🔹Зейнетақы төлемдерін кім және қашан ала алады? 

Ерлер: 63 жастан бастап. 👴 

Әйелдер: 61 жастан бастап (2024 жылы). 👵 

🔹Қайда жүгіну керек? 

Егер сіз зейнет жасына жеткен болсаңыз: 

  • Тұрғылықты жеріңіз бойынша ХҚКО-ға (Халыққа қызмет көрсету орталығына) хабарласыңыз. 
  • Зейнет жасына жеткенге дейін 10 күн бұрын құжаттарды тапсыруға болады. 📄

🔹Егер сізде мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік болса: 

  • БЖЗҚ бөлімшелеріне хабарласыңыз немесе enpf.kz сайтындағы/БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы өтініш жіберіңіз. 📱

🔹SMS-хабарламалар: 

Мобильді азаматтар базасында тіркелген болашақ зейнеткерлер зейнет жасына жеткенге дейін 2 ай бұрын қажетті құжаттар туралы ақпарат берілген SMS-ті Мемлекеттік корпорацияның 1414 нөмірінен алады. 📩 

🔹Белсенді қызметтер: 

БЖЗҚ зейнет жасына толған, бірақ әлі төлем алуға өтініш бермеген азаматтарды анықтау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен жыл сайынғы салыстырып тексеру жұмысын жүргізеді. Егер осы талаптарға сай болсаңыз, сізге зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі.

Дата публикации
05 декабря 2024
Дата обновления
05 декабря 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы