Меню

Страницы

Статья

Нысаналы жинақтарды білім алуға және тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алу және аудару алгоритмін толығырақ түсіндіре аласыз ба?

Қадамдық әрекеттер алгоритмін былай ұсынуға болады:

- 18 жасқа толған бала (НЖ алушы) не оның заңды өкілі (НЖ алушының әрекет қабілеттілігі шектеулі болған жағдайда) БЖЗҚ-дан, оның ішінде БЖЗҚ интернет-ресурсы арқылы рұқсат етілген мақсаттарға пайдалануға болатын НЖ сомасы туралы ақпаратты дербес алады.

- НЖ алушы (не оның заңды өкілі) НЖ алушының атына АҚШ долларымен банктік шот ашатын уәкілетті операторға (УО) тізбесі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып айқындалған құжаттарды қосымша тіркеп, интернет-ресурс не УО-ның ұялы қосымшасы арқылы НЖ төлемін алуға онлайн-өтініш береді.

- Өтініш беру үшін интернет-ресурста немесе УО ұялы қосымшасында авторланып, өз жеке кабинетіңізді ашу қажет. Онда доллармен ашылған банктік шоттың нөмірін, НЖ төлемінің сомасын және пайдалану мақсатын көрсетіп, ЭЦҚ не динамикалық сәйкестендірумен куәландырып, НЖ төлеміне онлайн-өтініш толтыру қажет.

- УО төлемге өтінішті және НЖ алушы немесе оның заңды өкілі берген құжаттарды қарап, мақұлдағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға төлемге өтініш тіркелгені туралы электрондық хабарлама жібереді.

- БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оған өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын кейіннен НЖ алушының УО-да ашқан АҚШ долларындағы банк шотына есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, бас тартатындығы туралы хабарлайды.

 - НЖ алушысы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.

- УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексереді және НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.

- НЖ алушы немесе оның заңды өкілі құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, УО-дағы НЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Егер алушы өзінің нысаналы жинақтарына кәмелетке толған күнінен бастап 10 жыл ішінде жүгінбесе, онда бұл қаражат БЖЗҚ-да оның атына автоматты түрде ашылатын ерікті зейнетақы шотына аударылады.

Қазақстаннан басқа мемлекетке тұрақты тұруға кеткендер Ұлттық қордың қаражатын пайдалану құқығынан айырылады.

Нысаналы жинақты алушы қайтыс болған жағдайда бұл қаражат заң шеңберінде мұраға қалдырылады.

Дата публикации
14 октября 2024
Дата обновления
14 октября 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы