Меню

Страницы

Статья

Азаматтардың қай санаты зейнетақы жарналарын төлеуден босатылуға құқылы?

           Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) міндетті  зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуден, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. Сонымен қатар, жұмыс берушіге жоғарыда аталған адамдардың өтініші негізінде БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға және аударуға рұқсат етіледі. Осылайша, мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар қазақстандықтар жұмыс орны бойынша БЖЗҚ-да МЗЖ ұстап қалуға келісім беру туралы өтініш беруге құқылы.

           Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, егер мүгедектік мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. БЖЗҚ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын салымшының (алушының) келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесінен мүгедектікті белгілеу туралы мәліметтерді дербес сұратады.

           Зейнетақы жинақтарын төлеуге өтінішті БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі немесе сенім білдірілген тұлға арқылы, enpf.kz интернет-ресурс арқылы беруге, сондай-ақ, пошта байланысының қызметтерін де пайдалануға болады. Бұдан басқа, БЖЗҚ-да ең алдымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға зейнетақы қызметтерін көрсететін мобильді топтар жұмыс істейді. Сіз enpf.kz сайтының «Электрондық сервистер" бөлімінде барып  қызмет көрсетуге де өтініш бере аласыз.

Дата публикации
14 октября 2024
Дата обновления
14 октября 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы