Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге кім пайдалана алады:
- Бұл МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтары ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын салымшылар.
- Жиынтық зейнетақысы кемінде 40% деңгейінде жоғалған табыстың орнын толтыруды қамтамасыз ететін зейнеткерлер жинақтарының 50%-на дейін пайдалана алады. Егер сіз зейнеткер болсаңыз, пайдалануға болатын сома мөлшерін Жеке кабинетіңізден көре аласыз.
- Бұл сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар.
Қаражатты толық шешіп алу/пайдалану мүмкіндігі мына жағдайларда қарастырылған:
- Зейнет жасына толуына байланысты немесе 1 және 2-топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты төлемдерді алу кезінде зейнетақы жинақтарының мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінің 12 еселенген мөлшерінен аспаса. 2024 жылы 694 236 теңгені құрайды.
- Салымшы немесе алушы тұрақты тұруға шетелге кеткен болса;
- Салымшы қайтыс болып оның зейнетақы жинақтары мұрагерге өтсе;
- 2023 жылғы 1 шілдеден бастап – еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер баспанаға және емделуге;
- Өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан қазақстандықтар баспана мен емделуге.
Басқа жағдайларда зейнетақы жинақтарын толық шешіп алу немесе жартылай пайдалану мүмкіндігі заңмен қарастырылмаған.