Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы демографиялық үрдістер

БЖЗҚ 2023 жылдың қорытындысы бойынша демографиялық үрдістерге талдау жасады. Мамандардың болжамы бойынша елдегі өмір сүру ұзақтығы мен қарттардың үлесі артып келеді. 2050 жылдың соңына қарай халық саны 26,3 миллион адамға жетеді және орта есеппен әрбір алтыншы қазақстандық 60 жастан асқан болады. 

Бала туу көрсеткіші де төмендеуде, 2050 жылға қарай бір әйелге 2,42 бала келеді деп күтілуде. Туу көрсеткіші азайып, өмір сүру ұзақтығы артқан сайын әрбір жұмысшыға түсетін жүк те ауырлай түседі. 

Көші-қон көрсеткіші де төмендеген. UNFPA (БҰҰ-ның Қазақстандағы халықтың қоныстануы саласындағы қоры) мәліметтері бойынша 2050 жылға қарай көші-қон сальдосы нөлге тең болады деп күтілуде. 

Мамандардың болжамы бойынша еңбекке қабілетті халықтың зейнеткерлерге шаққандағы үлесі 2050 жылға қарай 1,4 есеге – 5,49-дан 4,05-ке дейін төмендейді. Бұл келешекте еңбекке қабілетті халыққа «жүктемені» айтарлықтай арттырады. 

Толық ақпаратты БЖЗҚ сайтындағы "Жаңалықтар" бөлімінен көре аласыз.

Дата публикации
15 июля 2024
Дата обновления
15 июля 2024
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы