БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібінде аса үлкен өзгерістер болған жоқ.
Әлеуметтік кодекс күшіне енген 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап төлемдер зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру сәтінде белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі. Бұған дейін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 жылғы № 1042 қаулысымен бекітілген зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері алушының өтініш берген күнгі зейнетақы жинақтары сомасынан есептелетін еді.
Мысалы, №521 Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, егер зейнетақы жинағының сомасы БЖЗҚ-дан төлем жасалған күнге тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет біржола төленеді.
Әйтпесе, кесте бойынша Төлем тәртібі өзгеріссіз қалды. Әлеуметтік кодекстің 207- бабының 1 тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жүргізіледі:
Бұл ретте әйелдердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін - 61 жасқа толғаннан кейін;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда;
2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда;
2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда;
2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда жүргізіледі.
Зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша төлемдер тағайындалу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет. 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар адамдар төлем тағайындалу үшін БЖЗҚ-ға жүгінуі тиіс. Мұны Қор бөлімшелерінің бірінде немесе enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, осы санаттағы алушылар enpf.kz сайтындағы "Электрондық қызметтер" бөлімінде электрондық өтінім беру арқылы БЖЗҚ мамандарының мобильді тобын шақыра алады.
МКЗЖ-ны жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы №170 бұйрығымен бекітілген кәсіптері жұмыскерлердің өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізбесінде көзделген, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен жүзеге асыратынын ескертеміз.
БЖЗҚ-ға төленуі тиіс міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) мөлшері қызметкердің МКЗЖ есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысының 5% құрайтынын атап өткен жөн.
Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижесі бойынша бұған дейін расталған зиянды еңбек жағдайлары жойылған жағдайда, агенттер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді тоқтатады.
Агент БЖЗҚ-ға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төменде көрсетілген адамдар үшін төлеуден босатылады:
1) зейнет жасына толған қызметкер;
2) әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім кию құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар.
Сіздің сұрағыңызға жауап бере отырып, БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) зейнетақы қызметтерін заңнама талаптарына сәйкес көрсететінін ескерткіміз келеді.
БЖЗҚ өзінің заңнамалық функцияларын іске асыру кезінде салымшылардың (алушылардың), олардың сенім білдірілген адамдарының, заңды өкілдерінің дербес деректерін қамтитын ақпараттық жүйенің операторы/меншік иесі болып есептеледі.
Қызметтерді көрсету кезінде БЖЗҚ құрамына мемлекеттік органдар және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалар кіретін үшінші тұлғалардың ақпараттық жүйелерімен (дерекқорларымен) ақпарат алмасады. Өтініш білдірген адамның жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері БЖЗҚ ақпараттық жүйесіндегі өзектілігін осындай ақпарат алмасудың арқасында сақтайды. Сіздің деректеріңіз жеке немесе басқа заңды тұлғаларға берілмейтінін қатаң ескертіп өткіміз келеді.
Мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылдың және ақпарат алмасудың арқасында БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін көрсету кезінде өтініш білдірген адамнан оның құжаттары және (немесе) ақпараттары мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінде болған жағдайда көшірмелерін талап етпейді. Яғни, БЖЗҚ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жедел және тиімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, алаяқтық деректеріне тосқауыл қояды.
Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы қызметтерін сапалы көрсету мақсатында мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттық жүйелерінде қамтылған салымшылардың (алушылардың)/ олардың заңды өкілдерінің/сенім білдірілген тұлғалардың дербес деректерін жинау және өңдеуді жүзеге асырады.
Салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтарының 50% аспайтын бөлігін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмай, осындай компанияны өз бетінше таңдай алады.
Ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшылар ғана зейнетақы жинақтарының 100% дейін ИПБ-ға бере алады.