Таңмен таласып ақтөбеліктер 3,10 және 21 шақырым қашықтыққа жүгіру марафонына қатысты.
Салауатты өмір салтын насихаттау және велоспортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған велошеруге облыс әкімі Ералы Тоғжанов, Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андре Карстенсен, спортшылар, ақтөбеліктер қатысты.

«Ақтөбе – еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан ірі қалалардың бірі, алтын бесігіміз бүгін өзінің 154 жылдығын тойлап жатыр. Қала күні аясында көптеген спорттық шаралар өткізілуде. «Отан – отбасынан басталады» деп бекер айтпаса керек, әр отбасы, әр адам өз болашағына қамқорлықпен қарап, жаман әдеттерден ада болып, спортпен шұғылданса, дені сау ұлт қалыптасады. Дені сау ұлт – кез келген елдің басты байлығы. Сондықтан біз ақтөбеліктер салауатты өмір салтын ұстанушы жаһандық қозғалыстың белсенді қатысушылары болуымыз керек», - деді өңір басшысы.

«Мен қазақстандық велоспорттың отаны Ақтөбеде осындай керемет шарада өздеріңізбен бірге болғаныма қуаныштымын. Велоспорт - бұл спорт қана емес, бұл еркіндік, орнықтылық пен қоршаған ортамен байланысты сезіну. Нидерланды елінде велосипедпен жүру күнделікті өмір салтына айналған. Велосипедті таңдау арқылы біз қоршаған ортаға оң әсер ете аламыз»,- деді елші, аталған іс-шараны ұйымдастырушылар мен еріктілерге алғысын білдіре отырып.
Веложарысқа 500-ден астам адам қатысуға ниет білдірді. Қатысушылардың ең кішісі - 12 жаста, ең үлкені – 74 жаста.