Оқушылардың жазғы демалысы қарсаңында 2023 жылғы 26 мамырда кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Н.Айжарықовтың төрағалығымен ата-аналар комитетінің, Қоғамдық кеңес мүшелерінің, аудандық білім беру ұйымдары басшыларының, психологтардың қатысуымен комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Күн тәртібінде "Ауданның балалары мен жасөспірімдерін демалысқа дайындау, сауықтыру науқаны және жұмыспен қамту туралы", "Жасыл Ел" бағдарламасы бойынша кәмелетке толмаған балаларды жұмысқа орналастыру туралы", "Жазғы каникул кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы", "Ауданның білім беру объектілерін бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру туралы"мәселелер қаралды.
Ата-аналар баяндамаларды талқылауға белсенді қатысып, өз тілектерін білдірді. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданып, жауапты органдарға, ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.