Меню

Страницы

Статья

Сайлау учаскелерінде семинар өткізілді

         Сайлау учаскелерінде семинар өткізілді

         2023 жылғы 30 сәуірге тағайындалған Қобда ауданының Ақрап және   Бұлақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы қарсаңында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес 25-26 сәуірдеАқрап ауылындағы N 418 УСК, Әлия ауылындағы № 420, Бұлақ ауылындағы № 422сайлау учаскелерінде  Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының өкілдері Е.Шангереевтің және І.Мәтебаеваның қатысуымен көшпелі семинар-тренингтер өткізілді.

           Сайлаушылар тізімдерімен жұмыс істеу, сайлау құжаттарын толтыру, есептен шығару куәлігін беру, сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру бойынша  әдістемелік көмек көрсетілді.

            «Сайлау күні» тақырыбында тренинг өткізілді, «Сайлау учаскесінде мүгедектігі бар азаматтарға  кедергісіз дауыс беруді қамтамасыз ету» тақырыбы,  «Дауыс беруді ашу», «Дауыс беру», «Дауыс беру нәтижелерін анықтау», кезеңдері бойынша рөлдік ойындар ұйымдастырылды. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері ситуациялық тапсырмаларды  талдап, ұсынылған жағдайларда өз әрекеттерін анықтап, заң талаптарына сәйкес ұсыныстар берді. Сайлау комиссияларының мүшелері сайлауды әзірлеу мен өткізу барысында туындайтын жағдайларды жан-жақты талдап, олардың алдын алу бойынша ұсыныстарды қарастырып, тәжірибелерімен бөлісті. Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының өкілдері Е.Шангереев және І.Мәтебаева учаскелік сайлау комиссиялары мүшелеріне әдістемелік көмек көрсетіп, сұрақтарына жауап берді.

 

Дата публикации
01 мая 2023
Дата обновления
30 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы