2023 жылдың 24 сәуірінде Қобда ауданының әкімі Құлов Б.А. аудандық аумақтық,округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесу өткізді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен маслихаты депутаттарының сайлауын жоғары кәсіби деңгейде және ұйымшылдықпен өткізгені үшін комиссия мүшелері облыс әкімінің, облыстық комиссия төрағасынан, аудан әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды. Аудан әкімі комиссия мүшелеріне сайлаудағы белсенділігі үшін ризашылығын білдіріп зор денсаулық, қызметтеріне табыс тіледі.