Меню

Страницы

Статья

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар үгіт-насихат жұмысын жүргізу бойынша заңнамалар талаптарымен таныстырылды

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясыаудандық мәслихаттың депутаттығына тіркелген кандидаттармен 2023 жылдың 19 наурызына тағайындалған ҚР Парламенті  Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының сайлауына дайындық жұмыстары аясында  сайлауалды үгіт-насихат жұмысын ұйымдастыру бойынша оқыту семинарын өткізді. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.А.Оразова семинарға қатысушыларға бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндады. Сайлау туралы Конситуциялық заңға сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы мәліметтер БАҚ-та жарияланды және аудан әкімдігі смайтындағы сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылды. Оқыту семинарына  Қобда аудандық прокуратурасының аға прокуроры А.Бақсиык ҚР Парламенті Мәжілісінің және маслихаттары депутаттарының сайлауын өткізу тәртібі мен шарттары туралы баяндамасын таныстырды. Семинарға қатысушылар тарапынан түскен үгіт-насихат кезеңіндегі құқық бұзушылықтар бойынша заң аясында жауап берді.

Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Б.Отаралова «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3 тармағына сәйкес мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен шығу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік беретінін хабарлады, үгіт-насихат жұмыстарына  бөлінетін қаражат көлемі туралы мәлімет берді.Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының м.а.Б.Ж.Қылышбаева сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге қойылатын талаптарды түсіндірді. Комиссия хатшысы М.Қожабекова кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу туралы ақпарат берді. Кандидаттар баяндамашылардан өздерінің сұрақтарына жауаптарын алып, кеңестерін тыңдады.

Дата публикации
21 февраля 2023
Дата обновления
21 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
13 октября 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы