2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсанында сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыру - басты назарда. Комиссиялар мүшелерін оқыту жоспарына сәйкес 4қараша күні Талдысай ауылында көшпелі семинар-тренинг өткізілді. Семинарда сайлаушылар тізімімен жұмыс, сайлау құжаттарын толтыру, есептен шығару куәлігін беру, сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру туралы кеңестер берілді. «Сайлау күні» тақырыбындағы тренинг өткізіліп, «Дауыс беруді ашу», «Дауыс беруді өткізу», «Дауыс беру қорытындыларын анықтау» кезеңдері бойынша рольдік ойындар ұйымдастырылды. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне кейстік тапсырмалар беріліп, жағдаяттар бойынша іс-әрекеттерге талдау жасалып, заң тұрғысында шаралар алу бойынша ұсыныстар берілді. Сайлау комиссияларының мүшелері сайлауға дайындық және өткізу барысында кездесетін жағдайларды жан-жақты талдап, олардың алдын алу бойынша ұсыныстарды қарап, өз тәжірбиелерімен бөлісті. Учаскелік сайлау комиссиялары тренингтерді өз учаскелерінде де ұйымдастырады.