Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бестау ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
2026 жылғы 12 сәуірдегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидаттарды тіркеді:
Бестау ауылдық округі бойынша 3 кандидат:
- Ищанов Өмірсерік Бауржанұлы, 1994 жылы дүниеге келген, Қобда аудандық «AMANAT» партиясы филиалының консультанты, Қобда ауданы И.Білтабанов ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;
- Солдат Жанібек, 1998 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Қобда ауданы Сарбұлақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Омаров Нұрболат Сексенғалиұлы, 1977 жылы дүниеге келген, «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі, Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.