Қобда аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «202-2028 жылдарға арналған Қобда аудандық бюджетін бекіту туралы» №415 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қобда аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Қобда аудандық бюджетін бекіту туралы» №415 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакция жазылсын:

« 1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және  3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 5 618 025,8 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 014 666  мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 63 017 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 10 000 мың теңге;  

арнаулы түсімдер – 0 теңге;    

трансферттер  түсімдері – 4 530 342,8 мың теңге;

2) шығындар – 5 251 266,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 56 314 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 129 750 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 73 436 мың теңге;

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо -  0 теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  310 445,6 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                                          - 310 445,6 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 129 750 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 531 212 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 91 016,4 мың теңге.».

  1. 5-тармақ:

мынадай мазмұндағы 3) тармақшасымен толықтырылсын:

«3) Көлік инфрақұрылымын дамытуға.».

6-тармақ:

мынадай мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:

«4) Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыруға.».

  1. Көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
11 февраля 2026