ауылдық округінің сайланған әкімінің тіркеу туралы хабарлама

Қобда  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Жарсай, Талдысай, Терісаққан және И.Құрманов атындағы ауылдық округтер әкімдерінің  тіркеу туралы хабарлама

                                 

14 шілде  2025 жыл

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2025 жылғы 13 шілдеде өткен Қобда ауданының Жарсай, Талдысай, Терісаққан және И.Құрманов атындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлау қорытындысы туралы  Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде:  

Жарсай ауылдық округі бойынша: 

                                                                                                               

           Дұзбанов Нұрлан Жексембайұлы   -  1972  жылы    дүниеге    келген, «Қобда ауданы әкімі аппараты» ММ – ң құқық бөлімінің бас маманы, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Жарсай  ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

 

И.Құрманов атындағы ауылдық округі бойынша:    

          Әмірғалиев Қаиырбек Жұмабекұлы   -  1976   жылы    дүниеге    келген, И.Құрманов атындағы ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Егіндібұлақ ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, И.Құрманов атындағы ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

 

 

Талдысай ауылдық округі бойынша: 

          Тасмағамбетов Айбек Нұрланұлы   -  1986   жылы    дүниеге    келген, Талдысай ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Талдысай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Талдысай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

 

Терісаққан ауылдық округі бойынша: 

          Клютов Асылбек Қуанбайұлы   -  1983   жылы    дүниеге    келген, Терісаққан ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Терісаққан ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Терісаққан ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

ауылдық округінің сайланған әкімінің тіркеу туралы хабарлама
Дата публикации
14 июля 2025