Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қобда аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған Қобда аудандық бюджетін бекіту туралы» №260 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакция жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Қобда аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 6 333 912,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 127 836 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 41 273 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 1 250 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімдері – 5 163 553,2 мың теңге;
2) шығындар – 6 637 888,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 2 603 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 72 742 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 70 139 мың теңге;
4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 296 579,2 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 296 579,2 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 72 742 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 70 319 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 293 976,2 мың теңге».
8 тармақ келесідей мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Көлік инфрақұрылымын дамытуға.».
Көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
4. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.