Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай, И.Құрманов атындағы, Талдысай, Терісаққан ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
2025 жылғы 22 маусымдағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидаттарды тіркеді:
Жарсай ауылдық округі бойынша 3 кандидат:
- Дұзбанов Нұрлан Жексембайұлы, 1972 жылы дүниеге келген, «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ – нің мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің бас маманы, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған;
- Нұркеев Дауыл Жекешұлы, 1977 жылы дүниеге келген, «Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Солдат Жанібек, 1998 жылы дүниеге келген «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданының Сарбұлақ ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
И.Құрманов атындағы ауылдық округі бойынша 3 кандидат:
- Әмірғалиев Қайырбек Жұмабекұлы, 1976 жылы дүниеге келген, И.Құрманов атындағы ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Егіндыбұлақ ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;
- Құдайбергенов Руфат Маратұлы, 1987 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Хажай Хайратхан, 1990 жылы дүниеге келген «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданының Талдысай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Талдысай ауылдық округі бойынша 3 кандидат:
- Асқарұлы Бағлан, 1990 жылы дүниеге келген, «Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Наушабаев Жамбыл Мұхтарұлы, 1996 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Тасмағамбетов Айбек Нұрланұлы, 1986 жылы дүниеге келген, Талдысай ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Қобда ауданының Талдысай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Терісаққан ауылдық округі бойынша 3 кандидат:
- Байчеркасс Жаннат Манарбекқызы, 1978 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, И.Білтабанов атындағы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Клютов Асылбек Қуанбайұлы, 1983 жылы дүниеге келген, Терісаққан ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Терісаққан ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;
- Телегисов Бақыт Айжаипұлы, 1988 жылы дүниеге келген «Қобда аудандық қаржы бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.