Қобда аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің:

        1) Қобда аудандық мәслихатының «Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 7 қазандағы № 228 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30257 болып тіркелген);

        2) Қобда аудандық мәслихатының «2022 жылғы 7 қазандағы № 228 «Қобда ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2022 жылғы 24 қарашадағы № 236 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30918 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
20 июня 2025