Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қазандағы № 84 «Қобда аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы № 228 "Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қобда аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қазандағы № 84 «Қобда аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы № 228 "Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
20 июня 2025