Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай, И.Құрманов атындағы, Талдысай ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЫ
18.06.2025 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидаттарды тіркеді:
Жарсай ауылдық округі бойынша:
- Дұзбанов Нұрлан Жексембайұлы, 1972 жылы дүниеге келген, «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ – нің мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің бас маманы, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған;
И.Құрманов атындағы ауылдық округі бойынша:
- Құдайбергенов Руфат Маратұлы, 1987 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Хажай Хайратхан, 1990 жылы дүниеге келген «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданының Талдысай ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Талдысай ауылдық округі бойынша:
- Тасмағамбетов Айбек Нұрланұлы, 1986 жылы дүниеге келген, Талдысай ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Қобда ауданының Талдысай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.