Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
ХАБАРЫ
18.06.2025 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі кандидаттарды тіркеді:
Терісаққан ауылдық округі бойынша:
- Байчеркасс Жаннат Манарбекқызы, 1978 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, И.Білтабанов атындағы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған;
- Телегисов Бақыт Айжаипұлы, 1988 жылы дүниеге келген «Қобда аудандық қаржы бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.