Қобда аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2025 жылғы 4 маусымдағы
№ 48 қаулысына қосымша
2025 жылдың 13 шілдесіне тағайындалған
Ақтөбе облысы Қобда ауданының Жарсай, Талдысай, Терісаққан және И.Құрманов атындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
|
1. Қобда ауданының Жарсай, Талдысай, Терісаққан және И.Құрманов атындағы ауылдық округтер әкімдерінің (бұдан әрі – әкімдер) сайлауын тағайындау |
|
|
|
Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 4 маусым 2025 жыл (113-1-б. 1-т.1-тт) |
|
2.Сайлау округтері жөнінде шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып аудандық «Qobda» газетінде жариялау |
|
|
|
Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 14 маусымнан кешіктірмей (22-б.)
|
|
3.Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 14 маусымнан кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
4.Учаскелік сайлау комиссиясының құрамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2025 жылғы 19 маусымнан кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
5.Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қобда ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде - 2025 жылғы 19 маусымнан кешіктірмей(23-б. 5-т.)
|
|
6.Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2025 жылғы 5 маусымнан басталады – 2025 жылғы 17 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б.5-т.)
|
|
7.Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б. 2-т), 113-5-б. 11-т.)
|
|
8.Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
9.Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының» 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 3т.) |
|
10.Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Өзін өзі кандидат ретінде ұсынған азаматтар қол қою парақтарын Қобда аудандық сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 4-т.)
|
|
11.Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2025 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2025 жылдың 1 маусымына) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін
(113-5-б. 3-т.)
|
|
13.Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.)
|
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Қобда аудандық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 22 маусымда жергілікті уақыт бойынша 18.00 сағ. аяқталады (113-5-б. 14-т.) |
|
15.Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
16.Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
17.Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2025 жылғы 22 маусымда жергілікті уақытпен сағат 18.00 кейін басталады және 2025 жылғы 12 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 00 сағатта аяқталады. (27-б. 2-т.)
|
|
18.Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19.Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Қобда ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2025 жылғы 23 маусыға дейін (24-б. 5-т.)
|
|
20.Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2025 жылғы 28 маусымнан бастап (26-б. 1-т.) |
|
21.Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 3 шілдеге дейін (38-б., 2-т., 18-б.5-т)
|
|
22.Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу |
|
|
|
Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлауға дейін кемінде үш күн бұрын және бір күн бұрын 2025 жығы 10 шілдеден ерте емес және 12 шілдеден кейін емес (37-б. 3-т.)
|
|
23.Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2025 жылғы 13 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8-т.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін - дереу
|
|
|
|
(113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 16 шілдеден кешіктірмей (113-10-б. 1т.) |
|
29.Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қобда аудандық аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2025 жылғы 19 шілдеден кешіктірмей (44-б.4-т. 4-т.т.)
|
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
|
|
|
Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде
Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2025 жылғы 19 шілдеден кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.