Қобда ауданының ауылдық округтері әкімдерін
сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қобда ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі төмендегі сайлау округтері құрылсын:
1) Жарсай ауылдық округі әкімін – Жарсай ауылдық округінің шекараларында Жарсай сайлау округі;
2) Талдысай ауылдық округі әкімін – Талдысай ауылдық округінің шекараларында Талдысай сайлау округі;
3) Терісаққан ауылдық округі әкімін – Терісаққан ауылдық округінің шекараларында Терісаққан сайлау округі;
4) И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімін – И.Құрманов атындағы ауылдық округінің шекараларында И.Құрманов сайлау округі.
Қобда аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Б.Отаралова
Қобда аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы М.Қожабекова
№ 47
04.06.2025ж.