ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ХАБАРЫ
И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімі сайлауының
қорытындылары туралы
2025 жылғы 18 мамырда Ақтөбе облысы Қобда ауданының И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 3-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Қобда ауданының И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қорытындысын шығарды:
И.Білтабанов атындағы ауылдық округі
И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 518 азамат енгізілді, олардың 358 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Наушабаев Ж.М. - 70, Төкешева Ж.Қ. - 215, Хажай Х. - 61.
Төкешева Жанна Қабдрахманқызы 1976 жылы дүниеге келген, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған, И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.