И.Білтабанов атындағы ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЫ

Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

Ақтөбе облысы Қобда ауданы  И.Білтабанов атындағы ауылдық округ әкіміне кандидаттарды  тіркеу қорытындылары туралы

ХАБАРЫ

 2025 жылғы 27 сәуірдегі  сағат 18.00-дегі жағдай бойынша

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы И.Білтабанов атындаығы ауылдық округ  әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

 

 

Наушабаев Жамбыл Мұхтарұлы - 1996 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

     Төкешова Жанна Қабдрахманқызы   -  1976   жылы    дүниеге    келген, «Қобда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің  «Үміт» Отбасын қолдау орталығы» КММ-нің директоры, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған;

 

    Хажай Хайратхан -1990 жылы дүниеге келген «Ақтөбе  облысы Қобда ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданының Талдысай ауылының тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен  ұсынған.

 

 

 

И.Білтабанов атындағы ауылдық округ әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЫ
Дата публикации
28 апреля 2025