8 тармақ, 8 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
8. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы:
1) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:
туберкулез ауруы, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИТВ) тудыратын жұқпасы бар ауруы, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы, қатерлі ісік, қант диабеті, психикалық мінез-құлық бұзылулары (аурулары), балалардың церебралдық параличі, миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай), ревматизм, дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары, нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары, орталық нерв жүйесінің демиелисіздендіруші аурулары, орфандық аурулардан зардап шегетін тұлғаларға – өтініштер негізінде, отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген сәттің алдындағы тоқсанда Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;».