ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

 

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек және Қызылжар  ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы

                                 

25 тамыз  2024 жыл

            «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 44-бабының  2-тармағына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес 2024 жылғы 25 тамызда өткен Қобда ауданының  Өтек және Қызылжар ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы  Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хаттамасының негізінде            

           Өтек  ауылдық  округі бойынша:

Сарқұлов  Ерлан  Саматұлы,  1985  жылы   дүниеге   келген,   «Ақтөбе  

облысы Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны,   өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Өтек  ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

               Қызылжар ауылдық  округі  бойынша:

Мусаев  Бауыржан  Әлменұлы,   1967 жылы  дүниеге келген, «Ақтөбе

облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» ММ-ң әдіскері, Ақтөбе қаласының тұрғыны,  өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Қызылжар ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек және Қызылжар ауылдық округтерінің сайланған әкімдерін тіркеу туралы
Дата публикации
26 августа 2024