Өтек және Қызылжар ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

Өтек және Қызылжар ауылдық округтері әкімдерін  сайлау

  қорытындылары туралы

ХАБАР

 

                        2024 жылғы  25 тамызда Ақтөбе облысы  Қобда  ауданының Өтек және Қызылжар  ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Қобда  ауданының Өтек және Қызылжар  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  қорытындысын шығарды:

 

Өтек сайлау округі

Өтек  ауылдық округ әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 273 азамат енгізілді, олардың 192 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Телегисов Б.А. - 29,  Төкешева Ж.Қ. – 21, Сарқұлов Е.С. – 135.

 

    Сарқұлов Ерлан Саматұлы1985 жылы дүниеге келген, «И.Құманов

атындағы ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ – ң бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны,   өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Өтек ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

Қызылжар сайлау округі

Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 354 азамат енгізілді, олардың  255 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4,«Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны  - 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                                      Дұзбанов Н.Ж. - 42, Мусаев  Б.А. -169, Наушабаев Ж.М - 34.

 

Мусаев Бауыржан Әлменұлы - 1967 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе

облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» ММ-ң әдіскері, Ақтөбе қаласының тұрғыны,  өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Қызылжар ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

                                             Қобда аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Өтек және Қызылжар ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАР
Дата публикации
26 августа 2024