Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек, Қызылжар ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды тіркеу
қорытындылары туралы
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округтер әкімдеріне келесі кандидаттарды тіркеді:
Өтек ауылдық округі бойынша:
- Телегисов Бақыт Айжаипұлы, 1988 жылы дүниеге келген, «Қобда аудандық қаржы бөлімі» ММ-ң сектор меңгерушісі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Төкешова Жанна Қабдрахманқызы, 1976 жылы дүниеге келген, жұмыссыз, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Саркулов Ерлан Саматұлы, 1985 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қызылжар ауылдық округі бойынша:
- Дұзбанов Нұрлан Жексембайұлы, 1972 жылы дүниеге келген, «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ-ң мемлекеттік құқық жұмысы бөлімінің басшысы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Мусаев Бауыржан Әлменұлы, 1967 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе
облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» ММ-ң әдіскері, Ақтөбе қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Наушабаев Жамбыл Мұхтарұлы, 1996 жылы дүниеге келген, «Ақтөбе
облысы Қобда ауданы Жарсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң бас маманы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Қобда ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.