2024 жылғы 25 тамыздағы тағайындалған Ақтөбе облысы Қобда ауданының Өтек және Қызылжар ауылдық округі әкімдері сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Қобда аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының  

2024 жылғы 17 шілдедегі

№ 50 қаулысына қосымша

 

 

 

2024 жылғы  25 тамыздағы  тағайындалған Ақтөбе облысы                                     Қобда ауданының Өтек  және  Қызылжар  ауылдық округі әкімдері  сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

 Күнтізбелік жоспары

 

         1.Қобда  ауданының Өтек және Қызылжар ауылдық округі әкімдері  (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау

 

Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

17 шілде 2024 жыл

 (113-1-б. 1-т.1-тт)

2.Сайлау округтері жөнінде шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып аудандық «Qobda» газетінде жариялау

 

 Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2024 жылғы  27 шілдеден кешіктірмей

(22-б.)

 

3.Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -

2024 жылғы 27 шілдеден  кешіктірмей(13-б. 4-т.)

 

4.Учаскелік сайлау комиссиясының құрамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

 Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2024 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5.Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

 Қобда ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде -

2023 жылғы 1 тамыздан кешіктірмей(23-б. 5-т.)

 

6.Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2024 жылғы 18 шілдеден басталады – 2024 жылғы 30 шілде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б.1-т.)

 

7.Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

 

(113-5-б. 11-т.2-тт.)

 

8.Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың  Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі  анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9.Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының» 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 3т.)

10.Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Өзін өзі кандидат ретінде ұсынған азаматтар қол қою парақтарынҚобда аудандық  сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

 

11.Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2024 жылдың 1қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған  айдың бірінші күніне (2024жылдың 1 шілдеге) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оныңжұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13.Кандидат және оның жұбайы(зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік  кіріс  органдары

Кандидат тіркелген күнненбастап бес күн ішінде

(113-5-б. 4-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады  және 2024 жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша 18.00 сағ. аяқталады

(113-5-б. 14-т.)

15.Әкімдікке  кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16.Үгіттік  баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17.Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 4 тамызда жергілікті уақытпен  сағат 18.01 кейін басталады  және 2024 жылғы 24 тамыз  жергілікті уақыт бойынша  00 сағатта аяқталады.

(27-б. 2-т.)

 

18.Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19.Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

 Қобда ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 5 тамызға дейін

(24-б. 5-т.)

 

20.Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күнқалғанда

2024 жылғы  10 тамыздан  бастап             

(26-б. 1-т.)

 

21.Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей  2024 жылғы  15 тамызға дейін

(18-б. 5- т.)

22.Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

 

 Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2024 жылғы 22 тамыздан ерте емес және 24 тамыздан кейін  емес

(37-б. 3-т.)

 

23.Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 2024 жылғы 25 тамызда  жергілікті уақыт  бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат20:00-де басталады

(18-б. 8-т.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясына  ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 28 тамыздан кешіктірмей

 (113-10-б. 1т.)

29.Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 31 тамыздан кешіктірмей

(44-б.4-т. 3-т.т.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2024 жылғы  31 тамыздан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

2024 жылғы 25 тамыздағы тағайындалған Ақтөбе облысы Қобда ауданының Өтек және Қызылжар ауылдық округі әкімдері сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
Дата публикации
17 июля 2024