Қобда ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы

Қобда ауданының  ауылдық округтері

әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1.Қобда ауданының  ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі  төмендегі сайлау округтері құрылсын:

1) Өтек ауылдық округі  әкімін - Өтек ауылдық округінің  шекараларында  Өтек сайлау округі;

2) Қызылжар ауылдық округі  әкімін – Қызылжар  ауылдық округінің  шекараларында  Қызылжар сайлау округі.

  1. Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Қобда аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Qobda» газетінде жариялансын.

 

 

 

 

Қобда аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының  төрағасы                                                Б.Отаралова

 

Қобда аудандық аумақтық сайлау

комиссиясының  хатшысы                                               М.Қожабекова

 

 

        №49

17.07.2024 ж.

Қобда ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
17 июля 2024