Қобда ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Қобда ауданының  ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының  1) және 3) тармақшаларына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қобда ауданының төмендегі ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы
  • жылғы 25 тамызға тағайындалсын:

            - Өтек   ауылдық    округі    әкімінің;

            -  Қызылжар ауылдық округінің әкімінің.

  1. Ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 18 шілдеден басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2024  жылғы 30 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

         3.Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

  1. Осы қаулы Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Qobda» газетінде жариялансын.

 

 

Қобда аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                 Б.Отаралова

 

Қобда аудандық  аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                 М.Қожабекова        

 

       №48

17.07.2024ж.

Қобда ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
17 июля 2024