ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ
САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ХАБАРЫ
Бегалы ауылдық округі әкімі сайлауының
қорытындылары туралы
2024 жылғы 07 шілдеде Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бегалы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Қобда ауданының Бегалы ауылдық округі әкімінің сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қорытындысын шығарды:
Бегалы ауылдық округі
Бегалы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 587 азамат енгізілді, олардың 287 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 15, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алдрабаев А.Ә - 3, Қанатбаев Н.С - 113, Төлепбергенов М.Е. - 152.
Төлепбергенов Мәлік Ерсайынұлы, 1970 жылы дүниеге келген, Бегалы ауылдық округі, Калиновка орта мектебінің мұғалімі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бесқұдық ауылының тұрғыны, Өзін-өзі тәртібі бойынша ұсынылған, Бегалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.