Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

Қобда аудандық аумақтық  сайлау комиссиясының

ХАБАРЫ

 

Қобда ауданы Бегалы  ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу  қорытындылары туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Қобда аудандық сайлау комиссиясы Бегалы ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Алдарбаев Айдос Әсемғалиұлы, 1991 жылы дүниеге келген, «Жарық  ауылдық  округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Қобда  ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен  ұсынған.
  2. Барбосынов Нұрбақыт Құсайынұлы, 1978 жылы дүниеге келген, «Қобда ауданы әкімі  аппараты» ММ, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)  бөлімінің басшысы, Ақтөбе қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен  ұсынған.
  3. Қанатбаев Нұрлыбек Сапарұлы, 1975 жылы дүниеге келген, «Калиновка орта мектебі» КММ мұғалімі, Бесқұдық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
  4. Төлепбергенов Мәлік Ерсайынұлы, 1970 жылы дүниеге келген, «Калиновка орта мектебі» КММ мұғалімі, Бесқұдық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынған.
Қобда ауданы Бегалы ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
Дата публикации
17 июня 2024