Қобда ауданының Бегалы ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

 

 

Қобда ауданының Бегалы ауылдық округі

әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1.Қобда ауданының Бегалы ауылдық округі әкімін сайлау бойынша - Бегалы ауылдық округінің шекараларында  Бегалы сайлау округі  құрылсын.

  1. Сайлау округінің шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық  «Qobda» газетінде жариялансын.

 

 

 

 

Қобда аудандық сайлау аумақтық

комиссиясының  төрағасы                                         Б.Отаралова

 

Қобда аудандық сайлау аумақтық

комиссиясының  хатшысы                                        М.Қожабекова

 

 

        №38

29.05.2024 ж.

Қобда ауданының Бегалы ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы
Дата публикации
29 мая 2024