Қобда ауданының Бегалы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Қобда ауданының  Бегалы ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының  3) тармақшасына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қобда  ауданының     Бегалы    ауылдық    округі    әкімінің    сайлауы 2024 жылғы  7 шілдеге  тағайындалсын.
  2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 30 мамырдан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2024  жылғы 11маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

         3.Ауылдық округтің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2024 жылғы 16 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

  1. Осы қаулы Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Qobda» газетінде жариялансын.

 

 

       Қобда аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

               төрағасы                                                  Б.Отаралова

 

       Қобда аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

               хатшысы                                              М.Қожабекова     

 

 

      № 37

29.05.2024ж.

Қобда ауданының Бегалы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
29 мая 2024