ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ
Ақтөбе облысы Қобда ауданы
И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
13 мамыр 2024жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 12 мамырда өткен И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы хаттамасының негізінде:
Даржан Нұрболат Болатұлы, 1980 жылы дүниеге келген, И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынылған, И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.