ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ

 

ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ

САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ХАБАРЫ

 

И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімі  сайлауының

  қорытындылары туралы

                        2024 жылғы  12 мамырда  Ақтөбе облысы  Қобда  ауданының И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің  сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Қобда  ауданының И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  қорытындысын шығарды:

 

И.Білтабанов атындағы ауылдық округі

И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 512 азамат енгізілді, олардың 377 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Даржан Н.Б.  - 283, Есибеков А.Қ - 50, Хажай Х. - 36.

 

         Даржан Нұрболат Болатұлы, 1980 жылы дүниеге келген, И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов ауылының  тұрғыны,«AMANAT» партиясы ұсынылған, И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы
Дата публикации
13 мая 2024