ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2024 жылғы 12 мамырға тағайындалған И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімі сайлауын өткізу кезінде дауыс беру уақыты мен орны туралы
Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 38- бабының 2 тармағына сәйкес 2024 жылғы 12 мамырға тағайындалған Қобда ауданның И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімің сайлауын өткізуге қатысуға құқығы бар азаматтарының дауыс беруі жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де басталып 20:00-ге дейін төмендегі мекен-жайларда орналасқан сайлау учаскелерінде өтетінін хабарлайды:
|
№№ |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау учаскелерінің орналасқан орны және байланыс телефондары |
|
1 |
№ 424 сайлау учаскесі |
И.Білтабанов ауылы, Нұр-Сұлтан көшесі, 40, «Қобда аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ның И.Білтабанов ауылдық клубының ғимараты,телефон: 8(71341) 73-5-90 |
|
2 |
№ 425 сайлау учаскесі |
Байтақ ауылы, Ынтымақ көшесі, 9, Ропповка медициналық пунктінің ғимараты, телефон: 8(71341)73-2-16 |
|
3
|
№ 426 сайлау учаскесі |
Қосөткел ауылы, Қасым хан көшесі, 30, «Қосөткел негізгі мектебі» КММ ғимараты, телефон: 8(71341)73-3-63 |