Бұлақ ауылдық округі әкімі сайлауының
қорытындылары туралы
2024 жылғы 7 сәуірде Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Қобда ауданының Бұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауының нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қорытындысын шығарды:
Бұлақ сайлау округі
Бұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 716 азамат енгізілді, олардың 464 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 19, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айжарықов Н.Ө. - 56, Қосниязова Г.Т. - 168, Матаев С.С. - 218, Омаров Н.С. - 0.
Матаев Серік Садықұлы, 1977 жылы дүниеге келген, жұмыссыз, Ақтөбе қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Бұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.