Қобда ауданының И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1.Қобда ауданының И.Білтабанова атындағы ауылдық округі әкімінсайлау бойынша –И.Білтабанова атындағы ауылдық округінің шекараларында И.Білтабанова атындағы сайлау округі  құрылсын.

  1. Сайлау округінің шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық«Qobda» газетінде жариялансын.
Дата публикации
03 апреля 2024