1.Қобда ауданының И.Білтабанов ат. ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау
2.Сайлау округ шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып аудандық «Qobda» газетінде жариялау
3.Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
4.Учаскелік сайлау комиссиясының құрамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
5.Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
6.Әкімдікке кандидаттар ұсыну
7.Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау
8.Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру
9.Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру
10.Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу
11.Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2024 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2024 жылдың 1 сәуірге) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну
13.Кандидат және оның жұбайы(зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру
15.Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
16.Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру
17.Сайлау алдындағы үгітті жүргізу
18.Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
19.Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну
20.Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну
21.Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету
22.Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу
23.Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау
24. Дауыс беруді өткізу
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу
27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу
29.Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру