1.Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру, қара-ақ түсті орындауда 1 шаршы см. құны — 110 теңге.
2.Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру, түрлі-түсті орындауда 1 шаршы см. құны — 140 теңге.
3.Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкіміне кандидаттың ұсынылатын мәтіндік, фото және т.б. материалына өтініш-хатпен бірге өз қолымен (әр бетке) немесе сайлауалды үгіт құжаттарына қол қою құқығына кандидаттан сенімхаты бар тұлғаның қолы қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда материал газеттің таяудағы шығарылымында жарияланымнан алынып тасталады.
4.Сайлауалды үгіт материалдарын бетке орналастыру (беру тәсілі) редакцияның қарауы бойынша жүргізіледі.
5. Сайлауалды үгітті орналастыру «Сайлау-2024» белгісімен (бұл белгі жарнамаланатын материалдың аумағында орналасуы тиіс) қоса ұсынылады. Сайлауалды үгіт материалы оны қаржыландыру көзі туралы ақпаратпен бірге беріледі.
Осы шарттарға Орталық сайлау комиссиясы түсіндірмелеріне сәйкес қосымшалар, өзгерістер енгізілуі мүмкін.