2024 жылғы 7 сәуірдегі тағайындалған Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

         1.Қобда  ауданының  Бұлақ ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау

 

Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

28 ақпан 2024 жыл

 (113-1-б. 1-т.1-тт)

2.Сайлау округ шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып аудандық «Qobda» газетінде жариялау

 

 Қобда аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2024 жылғы  9 наурыздан кешіктірмей

(22-б.)

 

3.Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Қобда аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -

2024 жылғы 9 наурыздан  кешіктірмей(13-б. 4-т.)

 

4.Учаскелік сайлау комиссиясының құрамдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

 Қобда аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2024 жылғы 14 наурыздан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

5.Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

 Қобда ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде -

2023 жылғы 14 наурыздан кешіктірмей(23-б. 5-т.)

 

6.Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2024 жылғы 29 ақпаннан басталады – 2024 жылғы 12 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б.1-т.)

 

7.Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

(113-5-б. 11-т.2-тт.)

 

8.Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қобда аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың  Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі  анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

9.Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Қобда аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының» 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 3т.)

10.Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Өзін өзі кандидат ретінде ұсынған азаматтар қол қою парақтарын Қобда аудандық аумақтық  сайлау комиссиясына тапсырғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

 

11.Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2024 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған  айдың бірінші күніне (2024 жылдың 1 ақпанға) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13.Кандидат және оның жұбайы(зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік  кіріс  органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 4-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады  және 2024 жылғы 17 наурызда жергілікті уақыт бойынша 18.00 сағ. аяқталады

(113-5-б. 14-т.)

15.Әкімдікке  кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қобда аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16.Үгіттік  баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17.Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 17 наурызда жергілікті уақытпен  сағат 18.01 кейін басталады  және 2024 жылғы 6 сәуір  жергілікті уақыт бойынша  00 сағатта аяқталады.

(27-б. 2-т.)

 

18.Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және Қобда аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19.Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

 Қобда ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 18 наурызға дейін

(24-б. 5-т.)

 

20.Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күнқалғанда

2024 жылғы  23 наурыздан  бастап             

(26-б. 1-т.)

 

21.Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей  2024 жылғы  28 наурызға дейін

(18-б. 5- т.)

22.Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

 

 Қобда аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2024 жылғы 4 сәуірден  ерте емес және 6 сәуірден кейін  емес

(37-б. 3-т.)

 

23.Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

 2024 жылғы 7 сәуірде жергілікті уақыт  бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат20:00-де басталады

(18-б. 8-т.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясына  ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Қобда аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы  10 сәуірден кешіктірмей

(113-10-б. 1т.)

29.Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қобда аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 13 сәуірден кешіктірмей

(44-б.4-т. 3-т.т.)

 

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2024 жылғы  13 сәуірден  кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

приложение
Дата публикации
28 февраля 2024